2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің бөлім прокурорлары Р.Б. Мақұлбек, К.С. Айтуповамен Талғат Бигельдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына «Қарулардың заңсыз айналымы», «Есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін жауапкершілік» тақырыптарында лекциялар оқылды.
Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
#Заң_ мен_ тәртіп