Skip to content

«Жасөспірім» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы

2026 жылғы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында «Жасөспірім» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қараусыздық пен қадағалаусыздықты болдырмау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында рейдтік шаралар, білім беру ұйымдарында профилактикалық әңгімелер, ата-аналармен және заңды өкілдермен кездесулер ұйымдастырылады.

Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз.