Skip to content

Ұлттық спорт ойындары

2026 жылғы 20 наурыз күні Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Б.Б. Бодаевтың ұйымдастыруымен Ұлттық спорт ойындары өткізілді. 8–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өзара бақ сынасып, жеңімпаздар грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.