Skip to content

Ұлттық кітап күніне орай

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани-адамгершілік тәрбиенің бастауы» тақырыбындағы онкүндік аясында 1 «И» сынып оқушыларына арналған «Тамшының бастан кешкендері» атты ерекше экологиялық ертегі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Профессормен бірге өзендерді ластағысы келген Қоқыс құбыжығына қарсы тұрып, табиғатты қорғаудың маңызын түсінді. Ойын элементтері мен ертегі кейіпкерлері арқылы балалар табиғат тазалығы әрқайсымыздың жауапкершілігіміз екенін ұғынды. Сонымен қатар, кітап көрмесі оқушылардың алған білімдерін бекітіп, туған табиғат туралы әдебиеттермен танысуға мүмкіндік берді.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы;  
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана;
#ҰлттықКітапКүні
#Онкүндік
#АдалАзамат
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar