«Қазақстан халқы тілдері» мерекесіне орай «Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп – лицей» КММ 6-сынып оқушылары арасында «Тіл – достықтың көпірі» атты интеллектуалды-шығармашылық сайыс өтті. Сайысқа 3 командалық топ қатысып, оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар түрлі қызықты кезеңдерде өзара бақ сынап, белсенділік танытып, ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сайыс барысында оқушылар тілдің адамзат өміріндегі маңызын түсініп, ана тілімізге деген құрметін таныта білді. Көңілді әрі тартысты өткен сайыс көрермендерге де ерекше әсер сыйлады. Жауапты мұғалімдер:
Кабылбеков Ш.К.
Абдувалиева Г.И.
Сулейменова Ж.Б.