Skip to content

Тәуелсіздік күні

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында 5–7 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын жоспарға сай ұйымдастырылып, патриоттық және тәрбиелік бағытта өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың азаматтық ұстанымын нығайту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерге құрметін арттыру – толықтай орындалды.