2026 жылғы 17 наурыз күні “Адал азамат” біртұтас бағдарламасы аясында кітапханада 4 «З» сынып оқушыларымен «Табиғатты бірге қорғайық!» атты экологиялық квест өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Квест барысында оқушылар бірнеше кезеңнен өтіп, белсенділік танытты. Атап айтқанда, қатысушылар табиғатқа байланысты жұмбақтарды шешіп, экологиялық сұрақтарға жауап берді, қоқысты дұрыс сұрыптау тапсырмасын орындады. Сонымен қатар, оқушылар берілген жағдаяттарды талқылап, табиғатты қорғау жолдары бойынша өз ойларын ортаға салды.
Шығармашылық кезеңде командалар экологиялық тақырыпта плакаттар жасап, ұрандар ұсынды. Барлық қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ұйымшылдық пен тапқырлық танытты.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар атап өтіліп, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.