Skip to content

«Сенімді дос»

8–10 қыркүйек күндері мектеп педагог-психологтары Мордовец А.С. және Шупова Б.М. мектептің барлық қызметкерлеріне «Сенімді дос» бағдарламасы бойынша оқыту өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар бағдарламаның негізгі мақсатымен, оның маңыздылығымен, сондай-ақ әр рөлдің ерекшеліктері мен өзара әрекеттесу кезіндегі міндеттерімен танысты.

Қатысушылар практикалық ұсыныстар алып, мектеп ортасында балаға бірлесіп қолдау көрсетудің маңыздылығын талқылады.