Skip to content

Оқушыларға арналған «BOOK CLUB» кітап клубтың ашылуы

“Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі кітапханасында мектеп парламенті мен кітапханашы Б.Т. Альжановтың ұйымдастыруымен 5–11 сынып оқушыларына арналған «BOOK CLUB» кітап клубы ашылды.
Клубтың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және еркін пікір алмасу мәдениетін дамыту.
Шара барысында оқушылар түрлі викториналарға қатысып, өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, әсерлерімен бөлісті.