Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық байқау бағдарламасы аясында қатысушыларға мәдени іс-шаралар мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
🔵Талғат Бигелдинов атындағы мектеп-лицей мамандары ғылыми жобаларды қорғаудан кейінгі психологиялық жүктемені төмендетуге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, қатысушыларға көпшілік алдында сөйлеуден кейінгі эмоционалдық күйін қалпына келтіруге, дайындық пен қорғау барысында жиналған толқуды жеңуге қолдау көрсетілді.
Оқушылар эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға және алдағы жұмысқа шоғырлануға мүмкіндік беретін практикалық тәсілдерді меңгерді.
🔷Сонымен қатар, қатысушылар арасында өзара қарым-қатынасты нығайту және еркін, жағымды орта қалыптастыру мақсатында командалық ойындар ұйымдастырылды.
🎶Бағдарлама соңында мектептің жас дарындарының қатысуымен концерттік шара өткізіліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.