Skip to content

«Нейро — болашақ шығармашылығы»

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Smart Bala» бағдарламасы аясында 5–8 сынып оқушылары арасында «Нейро — болашақ шығармашылығы» атты байқау өткізілді.
Байқауды информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, заманауи цифрлық және нейротехнологияларға қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ жобалық жұмыс дағдыларын жетілдіру болды.
Байқау барысында қатысушылар қызықты әрі креативті жұмыстарын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, бастамашылдығын және заманауи технологияларды тәжірибеде қолдана білуін көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.