Skip to content

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН НАРКОҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН НАРКОҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
2026 жылғы 7 қыркүйекте Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде оқушыларға есірткі қылмыстарының алдын алу және заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
👮‍♂️ Дәрісті Сайдалин Нұрлан Жұмабекович, полиция полковнигі, Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетінің 1-басқармасының қызметкері өткізді.
Кездесудің мақсаты — оқушыларға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың зияны туралы түсінік беру, есірткі қолдану мен таратудың құқықтық салдарын түсіндіру, жасөспірімдердің есірткі қылмыстарына тартылуының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
📌 Кездесу барысында оқушылар өздерін қауіпті жағдайлардан қорғау, заң талаптарын сақтау және дұрыс таңдау жасау жөнінде маңызды ақпарат алды.
#БіздіңМектеп #ТалғатБигелдинов #№1МектепЛицей #НашақорлықтыңАлдынАлу #ЗаңЖәнеТәртіп ҚауіпсізМектеп АдалАзамат СалауаттыӨмірСалты ЖасөспірімдерҚауіпсіздігі