Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–11 сыныптардың ер балаларына арналған «Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік» тақырыбында ашық диалог өткізілді.
Іс-шараға Әкелер кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысып, ер азаматқа тән намыс, жауапкершілік, адамгершілік құндылықтары жөнінде ой бөлісті.
Ашық диалог барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибеге негізделген пайдалы кеңестер алды.