Skip to content

«Мамандықтар шеруі»

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында 9–11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар шеруі» өтті. Іс-шара барысында 11-сынып оқушылары «Сот отырысы» көрінісін сахналады. Сонымен қатар мектеп президенті Майтанов Мадияр, мектептің жас мамандары Ибраева Малика Рашидовна мен Мұхан Ақерке Асхатқызы және мектепішілік радио корреспонденттері қатысушылардан өздері таңдаған мамандықтары бойынша сұхбат алды. «Мамандықтар шеруі» іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.