Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде қысқы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға арналған нұсқаулық таныстырылып, ата-аналар жиналысы өтті. Түсіндіру жұмыстарын Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Тәжібек М.Т. және мектеп психологтары Мордовец А.С., Шупова Б.М. жүргізді.