Skip to content

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
2026 жылғы 2 қыркүйекте Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 8–11 сынып оқушыларының құқық қорғау және әлеуметтік қызмет өкілдерімен кездесуі өтті.
👮 Полиция капитаны Кодеков Жанат Бикенұлы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып өтті.
УМЦДО әдіскері Шыныбекова Юлия Қалбайқызы оқушылардың қауіпсіздігі, құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
КММ «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» басшысының орынбасары Юсупова Алия Ерсайынқызы балалардың құқықтарын қорғау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және қиын жағдайларда көмекке қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар мен практикалық кеңестер алды.
Құқығымызды білеміз. Заңды сақтаймыз. Өз ісімізге жауап береміз!
#ШколаЛицей1 #ТалгатБигелдинов #ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу #ЗаңЖәнеТәртіп #БалаларҚауіпсіздігі БалаларҚұқығынҚорғау Буллинг Кибербуллинг АдалАзамат