“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында «Күй күмбірі» атты домбыра челленджі өтті. Мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, домбыра арқылы рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, күй өнерін кеңінен дәріптеу және жас ұрпақты ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.