Skip to content

«Кітапты тап»

“Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі кітапханасында 3 «Б» сынып оқушыларымен «Кітапты тап» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Б.Т. Альжанова ұйымдастырып, жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға танымдық және дамытушы ойындар ұсынылды. «Шындық па, әлде жалған ба?» ойынында балалар кітаптар мен әдеби кейіпкерлер туралы мәліметтердің дұрыстығын анықтаса, «Кейіпкерді тап» кезеңінде берілген сипаттама бойынша белгілі шығармалардың кейіпкерлерін атады.
Іс-шара достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, оқушылар белсенділік танытып, әдеби шығармалар бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar