“Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі кітапханасында 3 “Д” сынып оқушыларының қатысуымен “Кітап кейіпкерлері балалар көзімен” атты сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сүйікті әдеби кейіпкерлерін өз қиялымен бейнелеуге мүмкіндік беру.
Шара барысында оқушылар өздері оқыған ертегі, әңгіме, повесть кейіпкерлерін қағаз бетіне түсіріп, олардың мінез-құлқы мен ерекшеліктерін сурет арқылы жеткізе білді. Әр жұмыс мазмұндылығымен, бояу үйлесімімен және балғын қиялымен ерекшеленді.
Байқау соңында үздік жұмыстар атап өтіліп, қатысушыларға алғыс білдірілді. Кітап әлеміне саяхат жасаған бұл шара оқушыларға ерекше әсер сыйлап, рухани байлыққа жетеледі