«Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру аясында мектебіміздің кітапханашысы буллинг мәселесіне арналған «Изгой» қысқаметражды фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Бұл шара білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, жеке тұлғаға құрметпен қарауға, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен кемсітудің кез келген түрін қабылдамауға бағытталды.
Іс-шараның жалғасында кітапханашы оқушыларды буллинг және жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас тақырыбындағы көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен таныстырып, оқуға келесі кітаптарды ұсынды:
В. Железняков – «Чучело»
Стивен Чбоски – «Тыныш болған жақсы»
Роберт Кормье – «Мен – нөмір емеспін»
Джоди Пиколт – «Он тоғыз минут»
Дэн Олвеус – «Мектептегі буллинг. Біз не білеміз және не істей аламыз»
Аталған кітаптар буллинг мәселесін тереңірек түсінуге, оның көріністерін тануға үйрететіні және айналадағы адамдарға жауапкершілікпен әрі құрметпен қарауды қалыптастыратыны атап өтілді.