Бүгін 9 сынып оқушыларымен «Хулиганка» қысқаметражды фильмі бойынша киноталдау өткіздік.
Буллинг, агрессия, қысым және қорқыныш пен «қабылдану» қажеттілігі қандай салдарға әкелуі мүмкін екендігі туралы ашық әңгіме болды. «Көремін – Ойланамын – Әрекет етемін» техникасы арқылы оқушылар жағдайды талдап, өз пікірін білдіріп, саналы таңдау жасауға үйренді.
Фильм әрқайсымызды ойландырды:
әр әрекеттің салдары бар, ал таңдау құқығы әрқашан өз қолымызда.
Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабында жауапкершілік қарастырылған.
Ең бастысы — әрқайсымыз жауапты қадам жасай аламыз:
зорлық-зомбылықты қолдамау,
дер кезінде «тоқта» деп айту,
көмекке жүгіну,
қиналып жүрген жанға қолдау көрсету.
Қауіпсіз әрі құрметке негізделген орта – әр адамның жеке таңдауынан басталады. 🤍
#буллинг #тәрбие #мектеп #жауапкершілік #жасөспірімдер @qosymsha_ast