Skip to content

Халықаралық тәжірибе алмасу семинары

2026 жылғы 19 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Қазақстанның жалпы білім беруді реформалау тәжірибесі, STEM бағыттары (робототехника, бағдарламалау, жасанды интеллект элементтері) және көптілді білім беру ортасын ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында халықаралық тәжірибе алмасу семинары өтті. 🌍
Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау, қалыптастырушы бағалау мен оқушы мотивациясы, буллингтің алдын алу, цифрлық білім беру мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу бағыттарында мазмұнды тәжірибелер ұсынылды.
Шара барысында мектебіміздің педагогтері де өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, Эстония елінен келген білім саласының мамандарымен кәсіби пікір алмасып, нәтижелі кері байланыс алды. 🤝
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен бұл кездесу тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Семинарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктесіміз Global Nomad Education ұйымының негізін қалаушы, директоры Алмагуль Медихатовна Канагатоваға @kanagatovaalmagul алғысымызды білдіреміз! 💐

#мектепөмірі#халықаралықсеминар#білімберу#STEM # тәжірибеалмасу AstanaEducation