10 сәуір күні мектепте бастауыш сыныптар онкүндігі аяқталды. Өткізілген түрлі іс-шаралар барысында бастауыш сынып оқушылары викториналар мен квесттерге белсенді қатысып, «Ғарыш миссиясы» байқауына суреттер мен қолөнер бұйымдарын дайындады, сөзжұмбақтар шешіп, жарыстарға қатысты, үзілістерде ғарыштық ойындар ойнады.
3-сынып оқушылары «Ғарыштың даму тарихы» тақырыбындағы конференцияға қатысып, өз презентациялары мен жобаларын қорғады. Ал 4-сынып оқушылары «STEM FEST: идеялар планетасы» шарасын өткізді.
Онкүндік жарқын әрі қызықты түрде қорытындыланды: бастауыш сыныпта «Ғарыштық келімсектер шеруі» атты костюмді шеру өтіп, онкүндікке белсенді қатысқан, ізденімпаз және креативті оқушылар марапатталды.
Ғарыш онкүндігіне белсенді қатысып, ерекше әсер алған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Дементьева И.В.