Skip to content

«Funny English»

«Funny English» интеллектуалды викторинасы

Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Тілдер апталығы» аясында 2026 жылғы 8–9 қыркүйек күндері 5-сынып оқушылары арасында «Funny English» интеллектуалды викторинасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту, тілдік құзыреттілігін, логикалық ойлауын, эрудициясын және танымдық белсенділігін дамыту.

Викторина барысында оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, ағылшын тілінен білімдерін, зейінділігін, тапқырлығын және дұрыс шешімді жылдам таба білу қабілеттерін көрсетті.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызығушылығы және жаңа білімге деген ұмтылысы үшін алғысымызды білдіреміз! 🇬🇧✨

Жауапты мұғалімдер:
Дунаева Т. В., Бакиева Ә. С.