Skip to content

«Дроппер дегеніміз кім?» және «Алаяқтардан жеке мәліметтерді қалай қорғауға болады?

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы өтті. Айлық барысында 10–11 сынып оқушылары «Дроппер дегеніміз кім?» және «Алаяқтардан жеке мәліметтерді қалай қорғауға болады?» тақырыптарында эссе жазып, құқықтық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өз ойларын білдірді.