“Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде мектеп кітапханашысы Б.Т. Альжанованың ұйымдастыруымен «Біз отбасымызбен бірге оқимыз» атты тағылымды іс-шара өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – оқушылар мен ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасылық оқудың маңызын насихаттау және кітапқа деген оң көзқарасты қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар отбасылық оқудың бала тәрбиесіндегі рөлі, рухани дамуға қосатын үлесі туралы ой қозғап, өз отбасыларында бірге оқитын сүйікті кітаптары жайында әсерлі әңгімелермен бөлісті.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar