2026 жылғы 9 ақпанда кітапханада «Адал Азамат» бағдарламасы аясында туған Қазақстанға арналған «Балалар әдебиеті – асыл қазына» тақырыбында кітап көрмесі ашылды.
Көрмеде елімізге қатысты кітаптар ұсынылды. Мемлекеттік рәміздер туралы, табиғат, өлкеміздің көрікті жерлері, елдің көрнекті тұлғалары жөніндегі басылымдар, сондай-ақ қазақстандық авторлардың шығармалары қойылды. Қазақ халық ертегілерінің жинақтары ерекше орын алды. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер, салт-ғұрыптар, тағамдар мен мерекелер туралы кітаптар да орналастырылды.
Ашылу барысында кітапханашы көрмеде ұсынылған әдебиеттермен таныстырып, мазмұнына тоқталды. Көрме оқырмандардың зор қызығушылығын тудырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.