10-11 қыркүйек күндері мектеп педагог-психологтары Мордовец А.С. және Шупова Б.М. 1-11 сыныптардың ата-аналар жиналыстарына қатысып, ата-аналармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Бақытты отбасының 5 құпиясы» тақырыбы қозғалды. Отбасындағы сенімді қарым-қатынастың, балаға эмоционалдық қолдау көрсетудің, өзара сыйластық пен құрметке негізделген қарым-қатынастың, сондай-ақ отбасы мен мектептің бірлескен әрекеттестігінің маңыздылығы туралы айтылды. Ата-аналарға баланы үй жағдайында қолдау бойынша ұсыныстар берілді.
Бақытты отбасы – мінсіз отбасы емес, бір-бірін тыңдай білетін, қолдайтын және әрдайым жанынан табылатын отбасы.