2026 жылы 13 ақпанда Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі 10–11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ауғанстан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған тағылымды кеш өтті.
Кеште оқушылар сахналық көріністер қойып, патриоттық әндер орындап, ерлікке арналған көркемсөздерін оқыды. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға бейбіт өмірдің қадірін түсіндірді.
Тағылымды шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ел қорғаған ерлерге деген құрметін арттырды.
Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.В. Шкуропатова және ағылшын мұғалімі Умарова А.Е