Бүгін ағылшын тілі апталығы аясында түрлі ойындар мен байқаулар өткізілді. Қатысушыларға әртүрлі әріптерден сөздер құрастыру және ағылшын тілінің грамматикасы бойынша тапсырмалар орындау ұсынылды.
Іс-шара барысында оқушылар сыни ойлау қабілетін, жылдам реакцияны және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Мұндай белсенділіктер ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырып, оқу үдерісін қызықты әрі танымды етті.
Жетекшісі: Маканова А.Б.