Ағылшын тілі апталығының қорытындысы ретінде жабылу күні өткізілді. Бұл күні жасанды интеллекттің артықшылықтары мен кемшіліктері тақырыбында дебаттар ұйымдастырылды. Қатысушылар ағылшын тілін жақсы меңгергендерін, өз көзқарастарын дәлелдей алу қабілетін және жасанды интеллекттің дамуына қатысты жеке пікірлерін көрсетті. Дебаттар қызықты әрі танымды атмосферада өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және апталықтың жарқын қорытындысына айналды.