Бүгін Астана қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «200 МЕКТЕП & БАЛАБАҚША – 4000 ӘКЕ» экочелленджі өтуде.
Ауқымды іс-шараға әкелер белсенді түрде қатысып, мектеп ауласын қардан тазалау жұмыстарына бір кісідей атсалысты.
«Білім айнасы» редакциясының журналистері де білім ордасына ақпараттық қолдау көрсетіп қана қоймай, әкелермен бірге челленджге қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Таза орта – тәрбиенің бастауы. Әкенің өнегесі – ұрпаққа үлгі.
#200мектеп&балабақша4000әке
#ТазаҚазақстанАстана2026




