2025 жылдың 4 желтоқсанында Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 1 «Д» сыныбында «2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысы» тақырыбында Туткина Елена Анатольевна математика сабағы өткізді. Сабақтың құрылымы анық, көрнекілігі мол және оқушыларды белсенді қатыстыруымен ерекшеленді.
Сабақ динамикалық, мазмұнды әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты өтті. Жас мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларын оқытудың заманауи тәсілдерін – ойын, тәжірибелік жұмыс және өзара әрекеттесуді үйлестіру жолдарын көре алды.
Қойылған мақсаттар толық орындалды — оқушылар жұп сандардың (2, 4, 6, 8, 10) жартысын сенімді анықтай білді.