2026 жылғы 18 тамызда Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Білім беру жүйесін стратегиялық дамыту: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» тақырыбында №1 әдістемелік кеңес өтті.
Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылындағы білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланып, әдістемелік бірлестіктер алдағы жұмыс бағыттарын айқындады.