Skip to content

«Алаш әліппесі»

5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Аскарова Д.Ж., Исина Б.Ж., Искакова З.С. «Алаш әліппесі» кітабының авторы Елдос Тоқтарбаймен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында автор ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық жаңғыруын мақсат еткен Алаш қозғалысы, оның көрнекті өкілдері мен тарихи маңызы туралы баяндады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға және Алаш мұрасына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.