Skip to content

1 қыркүйек – Білім күні

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты шараны мектебіміздің директоры Рысмухамбетова М.Д. ашып, ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің құрметті қонағы, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлына берілді. Құрметті қонағымыз оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, ақжолтай тілегін жеткізді. 🇰🇿
Мерекелік шарада 1-сынып оқушылары алғашқы қадамдарын жасап, өз өнерлерін көрсетсе, ата-аналарымыз да өнерлерін ортаға салып, өз шеберліктерімен көпшілікті тәнті етті.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік, мол білім, шығармашылық шабыт және биік жетістіктер әкелсін!
Білімді ұрпақ – ел болашағы! 🇰🇿📚✨
#БілімКүні #1Қыркүйек #ЖаңаОқуЖылы #МектепЛицей№1 #ТалғатБигелдинов АтаАна БілімдіҰрпақ Астана