Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы.
Бірлестік отырысында жаңа оқу жылына құрылған жоспарлар қарастырылып, негізгі мақсат-міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды. Сонымен қатар оқу сапасын арттыру, оқушылардың тілдік дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамыту, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша мұғалімдер өзара пікір алмасып, алдағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру жөнінде нақты шешімдер қабылдады