Skip to content

«Әке – үлгі, әке – өнеге»

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2026 жылғы 18 сәуір күні мектеп оқушылары мен әкелерінің қатысуымен «Әке – үлгі, әке – өнеге» атты акция ұйымдастырылып, сенбілік өткізілді.
Аталған іс-шара өскелең ұрпақтың бойында еңбексүйгіштік, тазалық мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.