Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің ғылыми қоғамдастығының 2026 жылғы ғылым апталығы аясында
4-сыныпта “Ғарышқа саяхат” бөлімі бойынша оқушылармен шағын эксперимент жасадық
Зымыранды ұшырдық … сүттің ішінде!
Балаларды таңғалдыратын қарапайым әрі өте әсерлі тәжірибе.
Ол үшін не істейміз?
1. Тәрелкеге жылы сүт құямыз.
2. Бояулар қосамыз (сұйық немесе құрғақ)
Зымыранның суретін Мариям, Гриша, Даниал алдын ала суретін салып, міндетті түрде ламинаттап немесе скотчпен қаптап әкелді.
Артқы жағына аздап сұйық сабын (ыдыс жуатын) жағамыз.
Сүтке салып, сиқырды тамашалаймыз!
Зымыран өзі қозғала бастайды, түрлі-түсті іздер қалдырады.
Бұл эксперимент арқылы оқушылар ғылыммен танысады және олардың ғылымға деген қызығушылықтарын оятамыз.
#НеделяНауки2026
#НаучноеСообщество
#ПедагогиШЛ1
#ШЛ1Бигельдинова
#ScienceWeek2026