Skip to content

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»

Т.Бигелдинов №1 мектеп-лицейінде 11-сынып оқушылары арасында Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» аясында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңға құрмет пен отансүйгіштік құндылықтары туралы ой бөлісті. Сынып сағаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Болашақ – білімді, заңды құрметтейтін, ел дамуына үлес қосатын жас ұрпақтың қолында!