Skip to content

«Ғарыш миссиясы»

Бастауыш сыныптар апталығы аясында 7 сәуір күні «Ғарыш миссиясы» атты қолөнер және сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, астрономия және ғарыш тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Көрмеде қағаз, картон және қолда бар материалдардан жасалған зымыран макеттері, пластилиннен жасалған ғаламшарлар, галактикалар мен ғарышкерлердің суреттері ұсынылды. Әрбір жұмыс – ғарыштың тылсым әлеміне енуді армандаған баланың қиялы мен арманының бір бөлшегі екенін бейнелейді.