2026 жылғы 6 сәуірде Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушыларына арналған «Дроп» атты қысқаметражды фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілімнен кейін оқушылармен фильм мазмұны бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Тугузбаев Арман Узакович және Шыныбекова Юлия Калбаевна – Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскерлері, сондай-ақ Сейтенов Жандос Қалиоллаұлы – Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері қатысты.