2026 жылдың 26 наурыз күні «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу сауаттылығы дағдыларын пәнаралық контексте дамыту» курсынан өткен әріптестеріммен бірігіп, «Мәтіннен өмірге: функционалдық сауаттылықтың жаңа қыры» тақырыбында мұғалімдерге арналған тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – мұғалімдердің оқу сауаттылығын дамытуда мәтінді өмірмен байланыстыра қолдану жолдарын меңгерту және пәнаралық тапсырмалар құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар PISA форматына сай тапсырмалармен жұмыс жасап, мәтінді талдау, интерпретациялау және оны әртүрлі пәндермен (математика, жаратылыстану, тарих) байланыстыру жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырды. Сонымен қатар, топтық жұмыстар арқылы мұғалімдер креативті тапсырмалар құрастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг заманауи әдістерге негізделіп, қатысушылардың белсенділігін арттыруға бағытталды. Нәтижесінде мұғалімдер функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, практикалық дағдыларын жетілдірді.