Skip to content

«Мектептегі тәрбие жүйесіндегі заманауи сын-қатерлер мен практикалық шешімдер» тақырыбында педагогикалық кеңес

2026 жылғы 27 наурыз күні Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Мектептегі тәрбие жүйесіндегі заманауи сын-қатерлер мен практикалық шешімдер» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Педагогикалық кеңестің №3 шешімдерінің орындалуы.
2. 3-тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгерім қорытындылары.
3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен пән мұғалімдерінің жұмысын талдау.
4. 2026 жылғы педагогтарды аттестаттау мәселесі.
5. “Қазіргі мектептегі тәрбие: бағдарламадан нақты әрекетке көшу» тақырыбындағы коучинг.
6. Су тасқыны мен мұздың еру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері және т.б. сұрақтар қаралды.
Педагогикалық кеңес барысында қаралған мәселелер бойынша тәрбие жұмысына бағытталған коучинг ұйымдастырылды. Коучинг барысында мұғалімдер топтарға бөлініп, кейстік тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізді. Қатысушылар нақты құндылықтарға сүйене отырып, ұсынылған жағдайларды талдап, тиімді шешу жолдарын ұсынды.
Педагогикалық кеңесте өзекті мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды.