Наурыз мерекесі қарсаңында 2026 жылғы 18 наурыз күні Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 6 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Аханова К.А. ата-аналармен бірлесіп, «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Қайырымдылық — жылы жүректен» атты акция өткізді. Мақсаты — оқушылардың бойында мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру және әлеуметтік қолдауды дәріптеу.