2026 жылғы 18 наурыз күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 5–7 сынып оқушылары арасында Наурыз мейрамы қарсаңында «Ауыл көрінісі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжымдық ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық нақыштағы көріністер қойып,өз өнерлерін көрсетті. Мектеп парламенті «Ауыл көріністерін» тамашалап, әділ бағалап, үздік деп танылған сыныптарды дипломдармен марапаттады.