Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның құрметті қонағы – Астана қаласы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Сейдалина Найля Ибрагимовна құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымға ізгі тілегін білдірді.
Мереке барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Б.Б. Бодаевтың ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық ойындары өткізілді. 8–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өзара бақ сынасып, жеңімпаздар грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, мектеп ауласына киіз үй тігіліп, оқушылардың қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Барлық оқушылар мен қонақтарға наурыз көже ұсынылып, бауырсақтар таратылды.
Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оқушыларға, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.