2026 жылғы 17 наурыз күні Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес «Мектеп ғимаратында өрт болған жағдайдағы мектеп-лицей №1 басшылық құрамы мен қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбында объектілік жаттығу өткізілді.
Жаттығу мектеп ғимаратында ұйымдастырылып, оның барысында басшылық құрам мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі әрекеттері толықтай орындалды. Эвакуациялау тәртібі, қауіпсіздік шаралары және оқушыларды қорғау бойынша іс-қимылдар талапқа сай жүзеге асырылды.