Skip to content

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Бүгін мектеп басшысы Замзагуль Кайриденовна бастаған өнерлі мектеп ұжымы көршілес білім беру ұйымдарына арнайы барып, жарапазан айтып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады. Домбыраның күмбірлеген күйімен, кимешек киген әжелеріміз бастаған топ ерекше көңіл күй сыйлады.

Біздің келуімізге №1 мектеп-лицей @sh_1_astana_ ұжымы да жоғары деңгейде дайындалыпты. Ән шырқап, би билеп, бізді жылы қарсы алды. Баршамыз бірге «Қара жорға» билеп, көтеріңкі көңіл күймен тарқастық.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! ✨

#наурыз
#наурыз_мейрамы
#адалазамат
#адалазаматбіртұтастәрбие
#бірлігімізжарасқан
@zamzagulkamesheva
@parlament_school_student
@bilimastana
@sh_1_astana_
@qosymsha_ast