Skip to content

«Мейірімді ана»

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай аналарға арналған «Мейірімді ана» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оқушылар аналарына арнап ән айтып, би билеп, жүрекжарды құттықтауларын білдірді. Мерекелік шара ерекше жылы атмосферада өтті.
Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы Загипарова К.С. және мектеп парламенті ұйымдастырды.